ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Жерлесіміз жеңіс тұғырында

Просмотров - 230
30.04.2017

26-30 сәуір аралығында қаламызда Қазақ батырлары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының рухтарына арналған IX-шы Халықаралық бокс турнирі өтті. Бес күнге созылған бокс бәсекесіне Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Тәжікстан және Қазақстан мемлекеттерінен 100-ге жуық былғары қолғап шеберлері бақ сынады.

 

60 келі салмақта Ордабаев Ержан қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. Финалда жерлесіміз Өзбек ұлтының боксшын тізе бүктіріп, өзінің шеберлік деңгейін дәлелдей алды. Одан бөлек, 52 келі салмақ дәрежесінде Салауатов Рашид ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. 64 келіде жастар арасындағы Азия чемпионатының жүлдегері Қазыбек Сапенов қола жүлдегер атанды.

Жалпы сайысқа қатысқан өзге де Атырау облысының боксшылары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, шеберліктерімен жиналған қауымды қуантып отырды. Әсіресе, Амандық Манашевтың кездесуі ерекше айқасқа толы болды.

Жарыс ұйымдастырушылары Халықаралық турнирдің барынша әділ болғандығын айтады. Себебі, Азия құрлығының төрешілері осы жарыста өздерінің біліктіліктерін сыннан өткізіп, төрелік еткен жұмыстарына баға алып, AIBA «2 жұлдызды» төрешісі атану үшін 15 келген мамандар сынақтар өтті. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстандық боксшылар 4 алтын, 5 күміс және 11 қола медальмен иеленіп, командалық есепте бірінші орын алды. Ресейдің «Ахмад» клубының боксшылары 3 алтын және 4 қола медальмен екінші орын, ал үшінші орында 2 алтынмен Қытай құрамасы оза шапты. Ал қазақстандық төреші Қайрат Жұманқұлов сайыстың «ең үздік төрешісі» атанса,  «Ең үздік боксшы» болып Қырғызстан елінен келген Эсенбекуулу Ақылбек танылды.

Расскажи друзьям
Читай так же