ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

ЖҰМАБАЕВ НҰРСҰЛТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Просмотров - 80
25.10.2021


15-24 қазан күндері аралығында Италия елінде кикбоксингтен ересектер арасында әлем чемпионаты өтті.

Оған 65 елден 1600 спортшы қатысты. Данияр Юсупов бастаған Атырау облысының спортшылары 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

51 келі салмақ дәжересінде жас спортшымыз Жұмабаев Нұрсұлтан әлем чемпионы атағына ие болды. Ол іріктеу кезеңдерінде Ресей мен Өзбекстан елдерінің спортшыларын ұтты. Ал ақтық сында әлем чемпионатының қола жүлдегері, түркиялық тәжірбиелі спортшы Силив Файсалдан басым түсті.

67 келі салмақта Азамат Утемисов күміс жүлдеге ие болса, 60 келі салмақта 2 дүркін әлем чемпионы Жандос Назарбеков бұл жолы қола жүлдені қанағат тұтты.

Осылайша атыраулық кикбоксшылар 2017 жылғы нәтижені қайталап, 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдеге ие болып отыр.

Расскажи друзьям
Читай так же